Құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты және төменде сипатталған шарттар eotinish.kz және suraqtar.kz (бұдан әрі - Сайт) сайттарын пайдалану шарттарының бір бөлігі болып табылады.

Сіз туралы жеке ақпарат келесілерді қамтуы мүмкін: сіздің ТАӘ, ЖСН, электронды пошта мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесе сізді жеке сәйкестендіретін басқадай ақпарат. Сайттарға кіру сіздің тіркелуіңізді және жеке ақпаратты ұсынуыңызды қажет етпейді.

Сіз туралы барлық жеке ақпарат тек өзінің тікелей мақсатына сай пайдаланылады. Сайттарды пайдалана отырып, сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келісесіз.

Біздің Сайттарымызда жеке ақпарат ұсыну ерікті болып табылады. Оларды ұсына отырып, сіз Сайттарға ақпаратты мәлімделген мақсатта пайдалануға рұқсат бересіз. Алайда белгілі бір ақпаратты ұсынбау сіз алғыңыз келген қызметті көрсетуге кедергі келтіруі мүмкін.

Порталдар сіздің пікірлеріңізді/өтініштеріңізді, сондай-ақ деректерді өзектендіру мен жариялауға берген өтінімдеріңізді жариялауға мүмкіндік береді. Сіздің хабарламаларыңыз көпшілікке қолжетімді болады, сондықтан Сайттарда нормативті емес лексиканың болмауына кепілдік беретін, сол арқылы көпшілік мақұлдаған этикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін модерация саясаты қолданылады.

Сұрақтарыңызбен және пікірлеріңізбен Сайттарға жүгіне отырып, қосымша жеке ақпарат қосуыңыз қажет ЕМЕС.

Егер сіз веб-нысанды толтыру немесе электронды хат жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып Сайттарда жеке деректеріңізді ұсынуды шешсеңіз, ақпарат сіз сұратқан ақпаратты немесе қызметті ұсынуға немесе сіздің хабарламаңызға жауап беруге көмектесу үшін пайдаланылатын болады. Қажетті деректер сіздің сұратуларыңызды қанағаттандыру үшін басқа мемлекеттік мекемелерге ұсынылуы мүмкін. Сіздің жеке деректеріңіз, мемлекеттік емес ұйымдар нақты мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, ондай тұлғаларға берілмейді.