Конституциялық Сот. Қалай өтініш беру керек?

Конституциялық Сот. Қалай өтініш беру керек?


Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды. (Конституцияның 72-бабының 3-тармағы)

Конституциялық сот қандай мәселелерді шешеді?

  • дау туындаған жағдайда Президент, Парламент депутаттары сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
  • Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, сонымен қатар Парламент қабылдаған қаулыларды тексереді;
  • ратификацияланғанға дейін Қазақстанның халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестігін қарайды;
  • Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді.

Конституциялық сотқа кімдер жүгіне алады?

  • Конституциялық сот Президент жолданымдарын;
  • Соттардың жолданымдарын;
  • азаматтардың Конституцияда бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігіне жолданымдарын қарайды.

Азаматтардың КС-ға жүгінуінің жалпы шарттары:

  1. НҚА азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғауы тиіс;
  2. Дау айтылып отырған заңды немесе өзге де НҚА-ны сот қолдануы керек немесе ол азамат қатысатын нақты істе құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғауы тиіс;
  3. Іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі шығарылуы керек;
  4. Жолданым сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуі тиіс.
Сондай-ақ, Конституциялық сот адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштері бойынша адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайды.

Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі

  • Өтініште көрсетілуі тиіс:
    1. Конституциялық Соттың атауы;
    2. жолданым субъектісінің атауы, орналасқан жері, азамат жүгінген жағдайда – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, егер бар болса, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер және «ҚР Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес өзге де талаптар
    Жолданымға тиісті субъект қол қоюы тиіс. Электрондық құжат нысанында ресімделген жолданым электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
  • Жолданымды жазбаша нысанда және электрондық нысанда, қазақ және орыс тілдерінде беруге болады.
  • Егер жолданымды азаматтың атынан уәкілетті тұлға беретін болса, азаматтың жазбаша келісімі, яғни нотариалды куәландырылған сенімхаты қажет.
  • Азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ, заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары өкіл бола алады.

Қоса берілетін құжаттар тізбесі:

  1. тексерілуге жататын актілер мәтіндерінің көшірмелері;
  2. өкілдік ету лауазымы бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, өкілдің өкілеттігі туралы құжаттар;
  3. соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімінің көшірмесі;
  4. нақты істе заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын растайтын сот шешімі;
  5. егер жолданымды азаматтың атынан уәкілетті адамдар берсе, азаматтың жазбаша келісімі;
  6. адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына азаматтардың жолданымдары жіберілген кезде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе одан босатылу құқығын растайтын құжат;
  7. Конституциялық Сотқа жүгінуші адамның позициясын растайтын өзге де материалдар.
Конституциялық іс жүргізу тілдерінде жазылмаған құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілуі тиіс.

Жолданымдарды қарау кезеңдері

  1. КС Аппараты жолданымдарды тіркейді және нысаны мен мазмұнына қатысты талаптардың сақталуына тексереді;
  2. КС судьяларының жолданымды алдын ала зерделеуі;
  3. Жолданымды КС отырысында қарау үшін материалдар дайындау.
  4. КС судьяларының жолданымды қарау бойынша отырысы (тыңдаулар өткізе отырып немесе өткізбей);
  5. КС-ның қорытынды шешім қабылдауы және оны жариялауы.

Жолданымдарды қарау мерзімдері:

Жолданым орташа есеппен конституциялық іс жүргізуге қабылданған күннен бастап үш ай ішінде қаралады. Бірақ жолданымның күрделілігін және барлық мән-жайларды неғұрлым толық зерттеу қажеттілігін ескере отырып, мерзімдер ұзартылуы мүмкін.

КС-ның қорытынды шешімі

КС-ның келесі мазмұндағы нормативтік қаулысы қабылданады:
  • заңды немесе өзге де НҚА-ны және олардың жекелеген ережелерін ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
  • заңды немесе өзге де НҚА-ны және олардың жекелеген ережелерін КС берген түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
  • заңды немесе өзге де НҚА-ны және олардың жекелеген ережелерін ҚР Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы.
Өтініш беру

Жарияланған күні 9 наурыз 2023, 12:27