«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Мен, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) пайдаланушы, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдаймын және төмендегілерге келісім беретінімді растаймын:
  • Дербес деректерді жинау және өңдеу (пайдалану, жинақтау, сақтау), оның ішінде менің дербес деректерімді беру, атап айтқанда:
  • тегі;
  • аты;
  • әкесінің аты;
  • ЖСН;
  • жынысы;
  • резидент мәртебесі;
  • туған күні;
  • қызмет түрі (жұмыс орны);
  • азаматтығы;
  • ұлты;
  • тіркелу мекенжайы;
  • нақты тұрғылықты мекенжайы;
  • ұялы телефоны;
  • электронды пошта (E-mail);
  • үй/жұмыс телефоны;
  • сипаттама (өтініштің мәні), дербес деректер болған жағдайда;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа (бұдан әрі - Оператор), Оператормен қазіргі уақытта да, болашақта да Жүйеде авторизациялау, менің өтінішімді Жүйеде тіркеу және қарау, SMS хабарлама түрінде хабарландырулар алу, пайдаланушыны сәйкестендіру, өтінішті толтыру процесін автоматтандыру, «Жеке тұлғалар» және «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларында бар пайдаланушының дербес деректерін дұрыс енгізу, сондай-ақ, пайдаланушыға Жүйені, Сайтты, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында, сонымен қатар Жүйенің, Сайттың, Қолданбаның және (немесе) Сервистердің функционалын дамыту және жақсарту мүмкіндігі, және Құпиялылық саясатында, тікелей осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын Оператордың қағидалары мен құжаттарында көрсетілген басқа да мақсаттарда дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты жағдайлармен және құқықтық қатынастармен байланысты кез келген ұйымдастырушылық нысандағы мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік емес ұйымдарға.
3) дербес деректерге қатысты Сайтта орналастырылған осы Келісімге, Құпиялылық саясатына, дербес деректерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер. Төмендегілер жайында маған ескертілді:
  • дербес деректерімнің өңделуіне келіспеген жағдайда, менің өтінішімді өңдеу және оған жауап беру толық көлемде жүргізілмейді.
  • өтініштің өңделуі үшін өтінімді тек өз атымнан немесе растаушы құжаттарды ұсына отырып заңды өкіл атынан беруім және жарамды байланыс ақпаратын ұсынуым қажет.

Мен Оператордың атына жіберілуі мүмкін тиісті жазбаша құжат жасау арқылы өз келісімімді кері қайтарып алуға құқылы екенімді білетінімді растаймын. Мен дербес деректерді өңдеуге берген келісімімді кері қайтарып алған жағдайда, егер дербес деректер жалпыға қолжетімді болса және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 9-бабында көрсетілген негіздер болғанда, Оператор дербес деректерді өңдеуді менің келісімімсіз жалғастыруға құқылы.

Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда немесе орындалмаған міндеттемесі болса, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін қайтарып ала алмайды.

Оператор менің дербес деректерімді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып өңдеуге құқылы.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім дербес деректерді Оператордың Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу кезінде, оның ішінде пайдаланушылармен жеке қарым-қатынас жасау мақсаттары үшін пайдалануының кез келген жағдайларына таралады.

Редакция 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыста.

Құрметті пайдаланушылар, біз басты беттің жаңа дизайны бойынша сауалнама жүргізүдеміз. Осы сауалнамаға бөлінген 5 минутыңыз қызметімізді жақсартуға көмектеседі.