Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беру
Әкімдіктер, Министрліктер, Комитеттер, Агенттіктер және басқа мекемелер кезексіз және бюрократиялық кідіріссіз
* Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беру жеке тұлғалар және бизнес (заңды тұлғалар) үшін
eOtinish дегеніміз не
Билікпен арадағы дауларда азаматтардың құқықтарын күшейтуге арналған, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске негізделген сервис. ӘРПК – бұл сот ісін жүргізудің жаңа төртінші нысаны, билік органымен дау-дамайда өтініш берушінің ықтимал әлсіз тұсын қорғауға арналған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Өтініш түрлері
eOtinish төмендегілер секілді түрлі өтініштерді қарауға мүмкіндік береді:
Шағым
Әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетпен (әрекетсіздікпен) бұзылған азаматтың немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талап
Үн қосу
Мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіру
Өтініш
Құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхатты қамтитын өтініш жолдау
Ұсыныс
Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызмет салаларын жақсарту жөнінде ұсыныс енгізу
Сұрату
Жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызықтырған мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш ресімдеу
Хабарлама
Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктер жайында хабарлау
Сервис несімен пайдалы
Алынған жауапқа шағымдану немесе дау айту
Сотқа ыңғайлы әрі жылдам түрде талап арыз жолдау
Өтінішке бұлтты ЭЦҚ-мен сервисте қол қою
Орындалу барысын кез келген уақытта бақылау
Құжаттардың суреттері мен скан көшірмелерін тіркеу
Басқа тәсілмен берілген өтініштерді қадағалау
Қажетіне қарай қосымша құжаттар беру
Өтінішті өңдеудің әрбір сатысындағы хабарламалар
Ұялы телефон арқылы өтініш беру есебінен уақыт үнемдеу
eOtinish қай жерде қолжетімді
eOtinish-ті қалай қолдануға болады?
1
Мемлекеттік органды таңдап, өтініш жазыңыз

2
Қажетті файлдарды тіркеңіз

3
Өтінішке бұлтты ЭЦҚ Digital-мен қол қойыңыз
тұлғаны сәйкестендіру смартфонның фронталды камерасы арқылы жүргізіледі

4
Жауаптың дайындық статусын алыңыз
SMS немесе Aitu-дан push-хабарлама түрінде
