Пайдаланушы келісімі

1. Пайдаланудың жалпы шарттары
1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі — «Келісім») «Е-Otinish» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – «Е-Otinish» АЖ) пайдалану қағидаларын белгілейді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, БСН 160440007161, Астана қ., Қабанбай батыр к-сі 17 мекенжайында орналасқан (бұдан әрі-Иеленуші) және «Е-Otinish» АЖ пайдаланушысы болып табылатын тұлға (заңды, жеке) (бұдан әрі — «Пайдаланушы») арасындағы Келісім болып табылады.

2. Келісімнің мәні
2.1. Осы Келісімнің мәні болып Иеленушінің Пайдаланушыға «Е-Otinish» АЖ-ға тіркелу және жіберілген өтініштерге жауап алу мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсетуі табылады.

3. Тіркелу талаптары
3.1.  Осы келісім жария оферта болып табылады.
3.2. «Е-Otinish» АЖ-ға тіркелу үшін, Пайдаланушы «Е-Otinish» АЖ-да тіркеу рәсімінен өтуі: авторлану бойынша бірізді әрекеттер қатарын орындауы қажет. Пайдаланушының авторлануы оның осы келісімді қабылдауы болып саналады.
3.3. Пайдаланушы өзі туралы шынайы, нақты және толық Ақпарат ұсынуға және ол Ақпаратты өзекті күйде ұстауға келіседі.
3.4. Егер тұлға дұрыс емес тіркеу ақпаратын ұсынса немесе тұлға ұсынған тіркеу ақпараты дұрыс емес, толық емес, нақты емес, осы Келісімнің шарттарын бұзады немесе тұлға бөгде адамның деректерін пайдаланып отыр деп ойлауға негіз болса, онда «Е-Otinish» АЖ Иеленушісі авторизацияны тоқтата тұруға немесе оның күшін жоюға құқылы.

4. Пайдаланушының дербес деректері
4.1. Осы келісімді жасай отырып және осы келісімнің қосымшасына сәйкес дербес деректерін ұсына отырып, Пайдаланушы «Е-Otinish» АЖ Иеленушісіне дербес деректерін жинауға және өңдеуге (ұсынылған дербес деректерді жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды (оның ішінде наразылықтар туындаған жағдайда), нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды (оның ішінде Қатысушылармен жеке сөйлесу мақсаттары үшін), таратуды (оның ішінде үшінші тұлғаларға беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды және жоюды, орналастыруды/көрсетуді қоса алғанда) келісімін білдіреді.

5. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
5.1.  Пайдаланушы тіркелу кезінде Иеленушіге нақты әрі толық ақпарат ұсынуға міндетті.
5.2. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін қасақана немесе кездейсоқ бұзбауға міндетті.
5.3. Пайдаланушы өзін өзге тұлға ретінде көрсетпеуге, құрамында вирус немесе басқадай зиянды бағдарламалық қамтылымы бар материалдарды пайдаланбауға міндетті.

6. Иеленушінің құқықтары мен міндеттері
6.1. Иеленуші қажетіне қарай Пайдаланушының енгізілген деректерінің дәйектілігін тексеруге құқылы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгіну арқылы.

7. Келісімнің күшіне енуі
7.1.  Келісім Пайдаланушының «Е-Otinish» АЖ-да авторлану сәтінен бастап күшіне енеді.
7.2. Осы Келісімді иеленуші кез келген уақытта, қандай да бір арнайы ескертусіз толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы оның Интернет-ресурста жариялану сәтінен бастап күшіне енеді.

8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Пайдаланушы «Е-Otinish» АЖ-да тіркелу кезінде ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін толық жауапкершілік көтереді.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Осы арқылы мен, Сервис пайдаланушысы ретінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың БСН 160440007161 менің дербес деректерімді жинауына және өңдеуіне келісім беремін.
Осы келісім дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзім ішінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде жарамды болады.
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары; жиналатын деректер тізбесі; Компанияның дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі жайлы мәліметтер; дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болуы туралы мәліметтер және дербес деректерді жинауға және өңдеуге байланысты Компания айқындайтын өзге мәліметтер Компанияның Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы келісіміне сәйкес регламенттеледі.
Дербес деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде тарату көзделмейді.
Шарттарды оқып шықтым және дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ Құпиялылық саясатында және Пайдаланушы келісімінде көрсетілген басқа әрекеттерді жүзеге асыруға келісемін.

Редакция 2022 жылғы 3 қарашадан бастап қолданыста.